Қазақстандық үлескерлерді алдап 2 млрд теңгесін алған әйел ұсталды

29 Мамыр 2021, 17:40
5571
Бөлісу:
Қазақстандық үлескерлерді алдап 2 млрд теңгесін алған әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық іздеуде болған 39 жастағы әйелді Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің қызметкерлері Санкт-Петербург қаласы бойынша Қылмыстық іздестіру бөліміндегі әріптестерімен бірге ұстады

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге 2019 жылдың қазанында сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және талан-таражға салу айыбы тағылған. Қазіргі кезде ол Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы уақытша ошаулағышқа қамалды.

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Ол полициядан жасырыну үшін Ресейдің әртүрлі аймағында тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырған. Үнемі сыртқы түрін өзгертіп, пәтер жалдап тұрған. Өзінің туыстарымен сенімді адамдар арқылы байланысқан, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «Жеңіс Астана Премиум» тұрғын үй-құрылыс кооперативін Нұр-Сұлтандағы «Талисман» тұрғын үйінің құрылысы үшін тіркеген. Осы мақсатта ол инвесторларды тарта бастады. Тұрғын үй кооперативі құрамына жаңа мүшелерді тарту және жарналарды алу арқылы адамдардан қомақты соманы жинап алып, өзі иемденген. Үлескерлерден жиналған ақшаның орташа сомасы 2 миллиард теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы