Қазақстандық өнер өкілдері халықаралық жетістіктерімен елімізді әлемге танытып жүргені қуантады – министр

19 Шілде 2021, 12:15
2713
Бөлісу:
Қазақстандық өнер өкілдері халықаралық жетістіктерімен елімізді әлемге танытып жүргені қуантады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Рухия Байдүкенованы «Славян базары» фестиваліндегі жеңісімен құттықтады.

Халқымызда қарлығаш құсы – жақсылықтың жаршысына баланатын қасиетті құс саналады. Осындай әдемі есім иесі Қарлығаш Әбдікәрімова да бүгін байтақ елімізге қуанышты жаңалығын жеткізді.

Біздің жас дарынды әнші, тума талант иесі Рухия Байдүкенова «Славян базары» фестивалінде Гран-При жеңіп алды! 2015 жылы бұл жүлдені осы жолы қазылар алқасында отырған Димаш Құдайберген иеленген болатын. Рухия қызымызды осынау жеңісті жетістігімен құттықтап, шығармашылық өнер әлемінде Димаш ағасының жолын берсін деп тілейік. Бүгінде қазақстандық өнер өкілдері халықаралық деңгейдегі түрлі жетістіктерімен елімізді әлемге танытып, биіктен көрініп жүргендері көңіл қуантады. Біз әрқашанда дарындарымызбен мақтанамыз! Рухияны жеңісті жүлдесімен құттықтай келе, алдағы өнер жолында шалқар шабытпен толайым табыстарға жете берсін деп тілеймін! 

Қашанда жас дарындарды алыстан танып, олардың таланттарын ашуға, жүлделі жеңістерге жетуіне дұрыс жол көрсетіп жүретін Қарлығаш Әбдікәрімова мен Қарлығаш Әжиеваға айрықша алғысымды айтқым келеді. Бұлар үнемі көзге көріне бермесе де осындай ірі жетістіктерді жасайтын нағыз батырлар.

Өзгелердің жаңалығы