Қазақстандық команда үстел теннисінен Ресей суперлигасында көш бастады

9 Қараша 2021, 12:46
1064
Бөлісу:
Қазақстандық команда үстел теннисінен Ресей суперлигасында көш бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда үстел теннисінен Ресей федерациясы командалық біріншілігінің алғашқы тур ойындары артта қалды. Суперлигада Қазақстан әйелдер командасы 18 қатысушы клуб ішінен суырылып шықты деп жазды Olympic.kz. 

Сарвиноз Мирқадырова, Зауреш Ақашева, Анель Бахыт және Ангелина Романовская намысын қорғайтын ТTC «Astana» командасы сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, 15 ұпаймен көш басына шықты.

Екінші және үшінші орынға 14 ұпай жинаған «Казаночка» (Қазан) және «Хван Ман-Гым» (Өзбекстан) командалары орналасқан. 

Ерлер арасында 12 команда бақ сынап жатыр. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров және Эрик Райтерден жасақталған «TT Club Karaganda» клубы 9 ұпаймен екінші сатыда келеді. 


Өзгелердің жаңалығы