Отандық ғалымдар медицина саласында бұрын-соңды болмаған өнім жасап шығарды

4 Қазан 2021, 17:47
3385
Бөлісу:
Отандық ғалымдар медицина саласында бұрын-соңды болмаған өнім жасап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық Жану проблемалары институтының ғалымдары заманауи медицинада кеңінен қолданылатын әрі биологиялық тұрғыда үйлесімді кальций гидроксиапатитін жасаумен айналысуда. Әзірлеушілер Қазақстанда бұрын-соңды мұндай өнім болмаған, деп хабарлайды «Ғылым қоры».

Айта кететін жайт, жоба үш жылға есептелген және оны «Ғылым қоры» АҚ қаржыландырып отыр.

Көңіл қуантарлығы, отандық өнім заманауи хирургиялық стоматология мен бет-жақ аймағының хирургиясында, косметологияда жойылған көлемді қалпына келтіру үшін толтырғыш ретінде кеңінен қолданылады. Қазақстандық ғалымдардың инновациясы фармакология саласында да металл имплантаттардың жабыны ретінде пайдаланылатын болады.

Зерттеме бірқатар проблеманы шешіп, импорттың орнын алмастыра алады. Іске асырылуға ұсынылған технология биологиялық қалдықтарды қайта өңдеуге, оларды стоматология мен медицинада қолдану үшін сапалы да құнды материал – кальций гидроксиапатитіне алмастыруға бағытталған. Әзірленген технология шеңберінде беткейінің жоғары салыстырмалы аумағы мен тазалық деңгейі 95%-ға дейін жететін ұсақ дисперстік ұнтақты алуға мүмкіндік беретін синтездің инновациялық жетілдірілген әдісі іске асырылады. Бұл тәсілдің басымдылығы – оның бұрын белгілі әрі бүгінге дейін қолданылып келе жатқан әдістермен салыстырғанда іске асырудағы қарапайымдылығы мен қолжетімділігінде.

Ғалымдардың бұдан былай отандық стоматологиялық нарықтың қажеттіліктеріне арнап өнеркәсіптік үлгілерді өндіруге шығуды жоспарлап отыр.

Жобаның негізін қалаушылардың бірі Шыңғыс Дауылбаев – институттың жетекші ғылыми қызметкері. Ол жобаны іске асырған кезде белгілі қиындықтардың орын алғанын жоққа шығармады. Себебі практика көрсеткендей, ғылым мен өндіріс – бұл екі түрлі дүние дейді.

Бастапқыда таза ғылыми қызығушылық болды, біз нарықты зерттеп, жобаның коммерциялық құндылығын түсіндік. Стоматология саласындағы сарапшылармен, соның ішінде, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық факультетінің базасында кездесулер өткізіп, әңгімелестік. Әзірленген инновациялық технологияның базасындағы биологиялық қалдық материалды пайдалану шетелдік баламаларымен салыстырғанда стоматологиялық қызметтің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Шыңғыс Дауылбаев.
Мәселен, институт ғалымдары шығарған материал негізінде арнайы қабықшалар өндіріледі.
Бұл қабықшалар дәрілік препараттармен байытылған. Осылайша, тіс ауырып тұрған немесе қабынған жерге дәріні қоюдың осындай light – нұсқасына айналады, - деді жас ғалым.
Олардың айтуынша, титан имплантаттарды арнайы қабықшамен жабумен Шымкентте айналысады. Бұл қалыңдығы адамның шашындай ғана болатын өте жұқа өнім. Адам организмі бұл материалды қабылдайтын көрінеді. Өйткені биоүйлесімділік әсері бар.
Өзгелердің жаңалығы