Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионы атанды

29 Қараша 2021, 22:09
638
Бөлісу:
Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Анталия қаласында көру қабілеті нашар спортшылар арасында өтен «Дойбы-100» чемпионатында қазақстандықтар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыста қазақстандық Юрий Носов қарсыластарына есе жібермей, өз шеберлігін көрсетіп, топ жарды. Сонымен қатар 23 жасқа дейінгі спортшылар санатында Данил Гайнуллин де турнирде ең көп ұпай (16) жинап, алтынды олжалады. Толық зағип спортшылар арасында Болат Жанымхан күміс медальге қол жеткізді. Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Зинятқыз Нүсіпбаева жарыстың үздік үштігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды, - делінген хабарламада.

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионы атанды

Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзірбайжан, Өзбекстан елінен жиналған 60-тан астам спортшы бақ сынады.


Өзгелердің жаңалығы