Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанды

12 Қараша 2020, 13:45
1339
Бөлісу:
Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтіп жатыр. Онлайн форматта өтіп жатқан халықаралық бәсекеде Қазақстан спортшысы үздік танылды. 

Абылай Әуелханов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Қоссайыс нәтижесінде жалпы 237 (102+135) келіні бағындырып, әлемдік жарыста топ жарды.

Өзгелердің жаңалығы