Қазақстанда «Жасыл кеңсе» байқауы басталды

15 Сәуір 2021, 11:14
2127
Бөлісу:
Қазақстанда «Жасыл кеңсе» байқауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда компанияның экологиялық саясатын қалыптастыру мен кеңсе ресурстарын сақтауға арналған «Жасыл кеңсе» ІІІ республикалық конкурсы басталды.

Конкурстың мақсаты – экологиялық өмір салтын, экологиялылықты арттыруға арналған «жасыл» және төмен көміртекті технологиялаларды, қоғамдық қолданыстағы ғимараттардың жайлылығы мен энергоөнімділікті насихаттау, үздік практика мен озық үлгідегі технологиялық шешімдерді тарату, - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов.

Өз кезегінде коалицияның атқарушы директоры Асхат Сүлейменов конкурс ресми түрде 15 сәуір күні он аталым бойынша басталатынын айтты.

Ол жерде мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, коммерциялық және сауда құрылымдары, индустрия, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатыса алады. Жоба іске асырылып келе жатқан 2 жыл ішінде конкурсқа 120-дай ұйым қатысты, олардың ішінде 40 ұйым ең «жасыл» ұйымға айналды. Өткен жылдан бастап ұйымдастырушылар экологиялық кеңсенің қағидаттарын енгізу бойынша аймақтарға көшпелі семинарлар өткізуде. Осылайша, ағымдағы жылы аталған сипаттағы семинарлар үш облыста жалғасын табады. Сонымен қатар мамандарды тарту арқылы барлық ниетті қауым үшін 3 онлайн-семинар өткізу жоспарланып отыр, - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, конкурсқа қатысу шарттары http://greenoffice-kaz.org/ сайтында, https://www.facebook.com/greenofficekz/ facebook парақшасында орналастырылған.

Осындай жасыл кеңсені конкурстары көптеген мемлекеттерде өткізіледі. Конкурстың қорытындысы 2021 жылғы қыркүйекте белгілі болады. Қатысушылар қатысушы сертификатымен, ал жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталады, сондай-ақ, ағымдағы жылы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін марапаттау салтанатына қатысатын болады, - деді Сүлейменов.

Байқау 15 сәуірден бастап, 31 тамызға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы