Қазақстанда вакцина алғандарға қағаз анықтамалар беріледі

30 Мамыр 2021, 22:19
5587
Бөлісу:
Қазақстанда вакцина алғандарға қағаз анықтамалар беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан кейін сертификаттар қағаз түрінде беріледі. Бұл Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.

ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз нұсқасы Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;

2) шетелдік азаматтарға осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;

3) мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады.»;

Өзгелердің жаңалығы