Қазақстанда сот шешімін робот шығаратын болады

5 Қараша 2021, 22:05
1406
Бөлісу:
Қазақстанда сот шешімін робот шығаратын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер бойынша робот шешім шығарады. «Судьяның смарт көмекшісі» жобасы туралы ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Сәдуақасов айтты.

Біз сот жүйесіне робот бағдарламасын енгізуді бастап кеттік. Осы бағдарлама бойынша судьяның қарауын талап етпейтін даусыз істер іріктеліп алынады. Статистика бойынша, дәл осындай 400 мыңға жуық даусыз іс бар. Әсіресе, шартты түрде мерзімінен босату, санкциялар және ел аумағынан шығып кету істері негізінен судьялардың егжей-тегжейлі қарауын талап етпейді. Мұны автоматтандырылған бағдарлама көмегімен жүзеге асыруға болады. Яғни, робот сот шешімі жобасын дайындайды. Судья тексеріп, тек қолын қояды. Егер техникалық қателер кеткен жағдайда, судьяның қайта қарап шығу мүмкіндігі бар, – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Өзгелердің жаңалығы