Коронавирустың «британиялық штаммын» жұқтырған 12 науқас анықталды

31 Наурыз 2021, 11:19
1459
Бөлісу:
Коронавирустың «британиялық штаммын» жұқтырған 12 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.

ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. 

SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды.

Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британиялық штамм» генотипін анықтады. 12 штаммның 8 жағдайы Шарм-эль-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды. Қазір бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британиялық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдары көп байқалуда, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «британиялық штаммның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы