Қазақстанда Kia арзандайды

21 Ақпан 2021, 07:42
9177
Бөлісу:
Қазақстанда Kia арзандайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы қаңтарда Kia Қазақстандағы дистрибьюторын ауыстырды. Енді кореялық марка өнімдерін сатумен басқа дилер айналысады, ал көліктер Қостанайда құрастырылады. Жаңа машиналар наурызда сатылымға шығады.

kolesa.kz-тің мәліметінше, Rio «Бипэк Авто» салонында модель тек 1.6 литрлік мотормен және автомат қораппен ұсынылады. Ең қарапайым Classic Audio жиынтығы 6 540 000 теңге тұрады. Көліктің жаңа желідегі соған ұқсас нұсқасы 6 390 000 теңгеден саудаланады. Ал Premium 350 000 теңгеге арзандайды, оны алам десеңіз 7 990 000 жұмсайсыз. Наурызда Rio-ны механикамен және 100 ат күшіне ие 1.4 литрлік мотормен алуға болады. Модельдің бұл нұсқасы 5 890 000 теңге тұрады.

Kia в Казахстане станут дешевле

Kia Cerato наурызда Comfort, Luxe және Prestige жиынтығында ұсынылады. Бағасы 7 590 000 (механика қорабы бар Comfort) мен 9 490 000 теңге (Prestige) аралығында. Comfort-тың автомат қорабы бар нұсқасы 400 000 теңгеге қымбат.

Kia в Казахстане станут дешевле

Kia K5 бірнеше нұсқасынан арылады, бірақ 150 ат күшіне ие 2.0 MPI және 194 ат күшіне ие 2.5 GDI моторларын сақтап қалады. Қарапайым Comfort 9 990 000 тұрады. Kia K5 GT Line қазір 14 490 000 теңгеден саудалануда, ал Қостанайда құрастырылған көлік үшін 13 990 000 сұралады.

Kia в Казахстане станут дешевле

Жалпы марканың модельдік топтамасы бұрын "Бипэк Авто сатқан көліктерден құралған. Тізімде Cerato, K5, Picanto, Rio, Rio-X, Seltos, Sorento, Soul және Sportage бар.

Өзгелердің жаңалығы