Қазақстанда карантин қайта енгізіле ме?

27 Қаңтар 2021, 18:21
2318
Бөлісу:
Қазақстанда карантин қайта енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда карантин қайта енгізіле ме деген сауалға жауап берді. 

Карантин инфекцияның берілуін азайту үшін және ең бастысы, денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін енгізіледі, - деп түсіндірді Есмағамбетова брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ локдаунның қандай жағдайда қайта енгізілуі мүмкін екеніне тоқталды.

Егер медициналық мекемелердегі төсек-орынның қамтылуы 70%-дан асатын болса, онда бұл денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктеменің жоғары екенін көрсетеді. Мұндай жағдайларда карантин енгізіледі. Алайда карантиннің нақты қашан енгізілетінін ешкім нақты айта алмайды. Мұның бәрі біздің қаншалықты вакцина салдыратынымызға байланысты, - деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп келетінін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы