Ауруханаларда видео және фототүсірілім жасауға рұқсат берілді

20 Қыркүйек 2021, 13:27
20163
Бөлісу:
Ауруханаларда видео және фототүсірілім жасауға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымында, жедел медициналық жәрдем көлігінде, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда пациенттер мен медицина қызметкері келісімінсіз аудио, фото және видео түсіруді шектеу тармақшасы алынып тасталды.

Сонымен қатар енді медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізуі кезінде, науқас пен онымен байланыста болған адамдар арасында сауалнама жүргізу барысында аудио, фото және видео түсіруге рұқсат берілді.

Айта кетейік, бұл шектеу елдің бас санитар дәрігерінің 2021 жылдың 2 қыркүйектегі №38 қаулысында көрсетілген еді. Жаңа қаулы 20 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы