Қазақстанда апта ішінде 12 адам суға кеткен

27 Мамыр 2021, 14:55
6364
Бөлісу:
Қазақстанда апта ішінде 12 адам суға кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазір шомылуға тыйым салынған орындарға рейд жүргізіліп жатыр. 3500 рейдтік шараға екі министрліктің 8800-ден астам қызметкері тартылды. Оның нәтижесінде 242 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда 53 адам, оның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болды. Жыл басынан бері су айдындарында 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды, - деді Бауыржан Сыздықов. 

Оның айтуынша, суға батудың басты себебі – тыйым салынған жерлерде шомылу.

Ондай 25 жағдай тіркеліп отыр. Балалар 18 жағдайда қараусыз қалған. Суға абайсызда құлау және өз күшін жетік бағаламау бойынша 16 жағдай болды. Суға мас күйінде түсу де тіркелді. Соңғы аптаның ішінде елімізде 12 адам суға кетіп отыр, оның ішінде 2 бала бар, - деді ол. 

Сыздықов атағандай, шомылу кезеңі 1 маусым мен 1 тамыз аралығында өтеді.

Әлі шомылу кезеңі басталған жоқ. Оңтүстік өңірде ауа температурасы жоғары. Алайда әлі суға түсуден бас тарта тұрған дұрыс, - деп ескертті ол.

Өзгелердің жаңалығы