Қазақстан «жасыл» экономика саласында шетелдік тәжірибені енгізеді

11 Қараша 2020, 10:34
2334
Бөлісу:
Қазақстан «жасыл» экономика саласында шетелдік тәжірибені енгізеді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада  «Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) қағидаттарына көшу мәселелері бойынша II Халықаралық конференция өтіп жатыр.

Іс-шара Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтіп жатыр.

Жыл санап экологиялық проблемаларға назар аударатын адам саны көбейіп келеді. Қазақстан 2030 жылға дейін 17 тұрақты даму мақсатын  жүзеге асыруға қатысып жатыр. Қазақстан алдында тұрақты даму мен «жасыл» экономиканы дамыту бойынша ауқымды шара тұр. Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бастамаларға қатысты шаралар адам өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Экология ұлт пен шекараға бөлінбейді, сондықтан бірлесіп жұмыс атқару керек, - деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов. 

Ал экологиялық ұйым қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов халықаралық конференция өзекті тақырыптарды қаузап отырғанын айтты.

Бүгінгі таңда жаңа Экологиялық кодекс Парламентте қаралып жатыр. Ол келесі жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда экология саласында жасалып жатқан реформалар ірі кәсіпорындарға бақылау жасау. Ірі кәсіпорындар қолжетімді  жаңа технологияларға өтуі керек. Ол шетелде бар тәжірибе. Бүгінгі таңда көп кәсіпорын қарапайым экологиялық рұқсатты алып, заңды түрде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығарып отыр. Сол үшін экологиялық төлем жасайды. Ал жаңа кодекс аясында олар кешенді экологиялық рұқсаттама енгізеді, - деді ол.  

Конференцияға қатысушыларға офлайн және онлайн режимдерінде ашық талқылау барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында «таза» технологияларды енгізу проблемаларын талқылауға және адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға әкелетін және қоршаған ортаға қолайсыз әсерді және экологиялық тозу тәуекелдерін едәуір төмендететін құралдарды ұсынуға бірегей мүмкіндік беріді. 

Конференцияға онлайн және офлайн форматта 500-ге жуық адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы