Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы

28 Маусым 2021, 21:16
3388
Бөлісу:
Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге жаңа әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенін жеткізу жоспарланғаны жөнінде айтылды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы

Бас қолбасшылар мен қолбасшылар барынша жеке құрам жұмылдырылған мамандық бойынша даярлық барысын баяндады. Жауынгерлік оқудың бұл кезеңінің қорытындысы алдағы аптадағы бақылау сабақтарының нәтижелеріне қарай шығарылатын болады.

Әскери оқу орындарын бітіру рәсімдеріне байланысты, шілдеде жас офицерлер мен сержанттар әскерлерде қызмет атқаруға барады. Қолбасшыларға олардың қызметтік міндеттерге бейімделуін, лауазымды қабылдауын, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуді қарастыруын қамтамасыз етуге нұсқау берілді.

Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы

Қарулы Күштердегі COVID-19-ға ұжымдық иммунитет қалыптасқанын ескере отырып, жауынгерілік даярлық шаралары толық деңгейде өткізілуі тиіс. Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы жеке құрамның 82 пайызы екпенің екі компонентін алғанын баяндады. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау өзекті күйінде қалып отыр.

Бұдан өзге де, қорғаныс министрі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге байланысты өңірлердегі әкімшіліктермен алдын алу шараларына Қарулы Күштерді қатыстыру мәселесін қарауды тапсырды. Атап өтсек, объектілерді дезинфекциялау, әскери-далалық госпитальдерді ашу, азаматтарға көмек көрсету үшін медицина топтарын құру.

Армия мемлекет атқарып жатқан шаралардан тыс қалмауы керек, - деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы

Министр қатысқан Мәскеудегі IX халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның қорытындысын ескеріп, Ұлттық қорғаныс университеті мен Бас әскери-медициналық басқармасымен бірігіп әскери медицинаны тәжірибеде қолдану шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуді тапсырды. Олар отандық және шетелдік тәжірибеге жүгіне отырып, емдеу бағытын ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметтің күштері мен құралдарын эшелондап орналастыру, логистика, жауынгерлік әзірлікке келтіруге қажетті мерзімдер, медициналық персоналмен жасақтау және ерекше жағдайда қосымша медициналық мекемелерді жабдықтау сияқты әскери қырларын да негізге алып, ескерулері қажет.

Қорғаныс ведомствосында қаржы тәртібінің мәселелері де қаралды. Өткен 5 айға жүргізілген мониторинг пен қызметтік талдаудың нәтижесіне келсек, объективті және субъективті себептерге орай бюджет қаражатын уақытылы игермеу жағдайы орын алған. Министр мемлекеттік сатып алуды заңға сәйкес үнемі бақылауда ұстауды, әскерге бөлінген қаражатты мақсатқа сай уақытылы игеруді, ал бұзушылықтар болған жағдайда – кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы Күштер ардагерлерінің жүйелі жұмысына назар аударды. Әскердің мүддесі үшін осы қызметте мол тәжірибесі бар бұрынғы әскери қызметшілерді көптеген салаға тарту қажет. Бұл - әскери-патриоттық тәрбие, қолданыстағы заңды жетілдіру, сондай-ақ, Қарулы Күштердің кейбір бағыттарын дамыту. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментіне «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысын жандандыру тапсырылды.

Әскери қызметшілер әскери киім киіп, мемлекетті көпшілік алдында сынға алып жүрген, жауынгерлік мундирдің абыройына нұқсан келтіретін бұрынғы әріптестерін талқылады. Әскери іске үйреткен, бір кездері елге адал болуға ант берген мемлекетті сынға алуда.

Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы

Отырыста әскерді қайта жарақтандыру іс-қимылы баяндалды. Бүгінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары басты назарда. 2019-2020 жылдары Қазақстан әскерінің қарулануына Ресейдің «Бук» зениттік-зымыран кешендері, Белоруссияның «Роса» радиолокациялық станциялары, сондай-ақ, еліміздің әуе шептерін қорғауында тұрған отандық «Нұр» РЛС жеткізілді.

Жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешендерін жеткізу жоспарлануда. «Тор-М2К» кез келген үлгідегі ұшақтар мен тікұшақтарды, соның ішінде «көрінбейтін» технологиямен жасалған тікұшақтарды ғана емес, сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жоғары дәлдіктегі қаруды, соның ішінде радиолокацияға қарсы және қанатты зымырандарды, басқарылатын авиациялық бомбаларды анықтап, жоюға қабілетті.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жеткізушімен шарттар жасасуда. Қорғаныс министрлігі аталған кешенді әзірлеген зауытта отандық ӘШҚҚ әскерлерінің мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.

 


Өзгелердің жаңалығы