Қазақстан мен Түркия әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады

4 Ақпан 2021, 22:22
1489
Бөлісу:
Қазақстан мен Түркия әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхсин Дерені қабылдады.

Қазақстан мен Түркия екі ел басшысы арасындағы достық пен сенім қарым-қатынас негізінде құрылған көпжоспарлы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды жалғастырады. Қорғаныс ауқымы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектісі болып табылады.

Бүгінгі күні қорғаныс ведомстволарының өзара қарым-қатынасы әскерлер мен арнайы операциялар күштерін даярлау, барлау және соққы беруші ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану тактикалары ауқымында қол жеткізген уағдаластық аясында жүзеге асырылады.

Кездесу барысында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бірлескен кәсіпорындарды құрудағы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде, сонымен қатар Түркия әскери оқу орындарында білікті мамандарды даярлаудағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов түрік әріптесі Мұхсин Деремен кездесу барысында түрік елінің ірі қорғаныс компанияларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.

Тараптар қазақстандық кәсіпорындардың бірінде қызмет көрсетуін одан әрі оқшаулау арқылы, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлерін сатып алу, сондай-ақ Түркияның бронды танк қару-жарағын шығаратын кәсіпорындардың мүмкіндігімен танысу мәселелерін талқылады.

Түрік делегациясының Ұлттық қорғаныс университетін аралау барысында әскери білім беру шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды. Қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасымен және ЖОО-ның даму перспективаларымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы