Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бірінші орынбасары Ұлықбек Азамов Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы туристік сала қалай дамып жатқанын және қандай жобалар қолға алынғанын айтып берді.
Ең алдымен Air Astana, Fly Arystan әуе компанияларының Ақтау – Үргенш, Түркістан – Самарқанд рейстері ашылғанына қуаныштымыз. Бұл - біздің сауда, экономикалық және мәдени байланыстарымызды нығайту аясында жасалған бірлескен күш-жігердің нәтижесі. Екі ел үлкен әлеуетке ие. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстанның бір-бірімізге ұсынатыны да жетерлік, - деді ол.
Өзбекстанның Туризм және спорт министрлігінің өкілінің айтуынша, өзбекстандықтар Түркістанда жақында аяқталған жаңа жобалаларды көруге қуана баратынын жеткізді.
Өзбекстанның қазақстандық туристер арасында танымал екенін білесіз. Әсіресе Самарқанд, Бұхара, Ташкент сияқты бағыттар танымал. Қазақстандық туристердің елімізге көптеп келіп жатқаны қуантады. Біз Қазақстанның туристік әкімшілігімен туристердің саяхатын жақсарту тұрғысынан тығыз жұмыс істейміз. Тек қазақстандық туристер үшін ғана емес, халықаралық туристер үшін де жобалар бар. Бірлескен турларды әзірлеуге және өңірлерді дамытуға үлкен мән береміз. Бұл екі елдің де дамуына септігін тигізеді, - деді ол.
Ұлықбек Азамов қазір туристердің екі елге баруына мүмкіндік беретін «Жібек виза» жобасы бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Оған басқа көрші елдер де кіреді.
Министрдің орынбасары пандемияның қазақстандық туристердің келуіне қалай әсер еткенін айтты.
Бәрі жабылған кезде ағын азайды. Бірақ қазір біз қайта қалыпқа келе жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні Қазақстан туристерінің үлкен қызығушылығын көріп отырмыз. Алыс туристік жерлердің жабылуына және вакцинация процесіне байланысты қазақстандық туристер жақын маңдағы Өзбекстанның көрікті жерлерінде демалуға Өзбекстанға қызығушылық танытты, - деп атап өтті Азамов.
Еске сала кетейік, бүгін Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы өтті. Бұл конференция Оңтүстік және Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған.