Қазақстан мен Корея мультипликациялық фильмдер саласында тәжірибе алмасады

19 Мамыр 2021, 21:24
1794
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея мультипликациялық фильмдер саласында тәжірибе алмасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Кореялық мультипликациялық фильмдерді ілгерілету жөніндегі агенттік арасында меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде тараптар арасында тәжірибе алмасу, телевизиялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, анимациялық мультфильмдер шығару бойынша дәрістер, мастер-кластар мен тренингтер өткізу көзделген.

Айта кету керек, Агенттік 1998 жылы құрылған және «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған анимация академиясы» жобасын жүзеге асыруда.

Меморандумның мақсаты – білім алудағы теңсіздікті қысқарту, әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс орындарын құру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру.

2021 жылғы 12 наурызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Қазақстан РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасының жанынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған   әлеуметтік анимациялық ашылған болатын.

Мұндай жоба Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылуда, онда Қазақстан, Жапония және Оңтүстік Кореяның үздік мультипликаторлары мектеп қатысушыларын оқытатын болады. Мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, жоба таланты түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастырады. «Balapan» телеарнасының жанына құрылған анимациялық мектептің ерекшелігі, оқудан кейін балалар мұғалімдермен байланыстарын нығайтып, қажет жағдайда кеңес ала алады, - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда Қазақстанда анимациялық дизайн саласы қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, мұндай жұмыс физикалық даму ерекшеліктері бар адамдар үшін ыңғайлы болуы мумкин.

 


Өзгелердің жаңалығы