Қазақстан мемлекеттік резервке 350 мың тонна бидай сатып алды

28 Қараша 2019, 19:44
19365
Бөлісу:
Қазақстан мемлекеттік резервке 350 мың тонна бидай сатып алды

Нұр-Сұлтан, Азық-түлік корпорациясы астықтың резервтік қорын қалыптастыруды аяқтады. Елдің арнайы қоймаларына 2019 жылғы егіннің 350 мың тонна бидайы түсірілді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі. 

Осы жылдың 28 қазанында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК астық сатып алуды жеделдету үшін резервтік қорға сатып алу бағасын қайта өзгертті. Ескі және жаңа көрсеткіштер арасындағы айырмашылық өнімнің сапалық көрсеткіштеріне байланысты тоннасына 18 мың теңгеге жуық қаржыны құрады.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астық жинау барысында қолайсыз ауа-райы жағдайларына тап болған қазақстандық шаруалардың астықты жоғарғы бағамен өткізулерін қамтамасыз етті, - делінген ақпаратта.
Жалпы Азық-түлік корпорациясы 2019 жылғы 3 және 4 сұрыпты 350 мың тонна бидай сатып алды. Қалыптасқан азық-түлік астығының көлемі көктемгі-жазғы кезеңде отандық ұн тарту кәсіпорындарын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады, ол қажет болған жағдайда ҚР нарығында ұн мен нан-тоқаш өнімдеріне бағаны ұстап тұру үшін пайдаланылады.
 

Өзгелердің жаңалығы