Қазақстан Мажарстан арқылы Орталық Еуропаға транзиттік тасымалдауды дамытуды көздеп отыр

28 Қазан 2021, 15:53
4897
Бөлісу:
Қазақстан Мажарстан арқылы Орталық Еуропаға транзиттік тасымалдауды дамытуды көздеп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиісті меморандумға Орталық Еуропа логистикалық және индустриялық аймақ Celiz жобасының өкілдері мен «KTZ Express» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Игембаев қол қойды.

Тараптар Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол жүк тасымалы алдағы жылдары айтарлықтай өсетініне сенімді.

Еуропаға келетін қытайлық тауарларды тасымалдау көлемі мен логистикасының өсуі тар және кең теміржол торабындағы жүк тиеу инфрақұрылымын дамытуды талап етеді. Осыған байланысты транзиттік тасымалдауды қамтамасыз етудің жаңа бағыты ретінде Захоны (Мажарстан) терминалдық инфрақұрылымын пайдалану қарастырылуда.

Қазақстанда ел аумағы арқылы өтетін барлық бағыт бойынша көлемді ұлғайту аясында үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Біз айтарлықтай өсуді байқап отырмыз. 2021 жылдың 9 айында транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 795 мыңнан астам ЖФФ құрады, ал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 28%-ды құрады. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік бағыттарға сұраныс жоғары. Сондай-ақ KTZ Express Ресей, Балтық порттары және TMTM арқылы ҚХР-ЕО бағытында қосымша бағыттарды дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде қазақстандық бидайды контейнерлік пойыздармен Түркияға және көмірді Қытайға үсті ашық контейнерлермен және Таяу Шығыс, Африка, Орталық Еуропа елдеріне әмбебап контейнерлерде экспорттаудың жаңа жобалары бар, - деді басқарма төрағасы Нұрлан Игембаев.

Теміржол көлігі де қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықты айтарлықтай төмендетеді, бұл оны бүгінгі экологиялық мақсаттарға жетудің негізгі элементі етеді.

Мажар және қазақстандық тараптар Венгрия арқылы Орталық Еуропаға транзиттік тасымалдауды дамыту іскерлік қарым-қатынастарды дамытуда жаңа серпін болатынына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы