Қазақстан Мальтамен жолдастық кездесу өткізеді

1 Мамыр 2021, 15:51
1372
Бөлісу:
Қазақстан Мальтамен жолдастық кездесу өткізеді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Мальтамен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы 7 маусым күні Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасы Аустрияның Вольсберг қаласындағы «Лавенталь Арена» стадионында Мальта құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болды. Ұлттық құрамамыз 2003 жылы Валеттада жолдастық матч өткізіп, Мальта ұжымымен 2:2 тең түскен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Қазақстан құрамасы Приштина қаласында Косово құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы