Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі – Сұлтанов

15 Наурыз 2021, 13:52
2668
Бөлісу:
Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстандағы келіссөздер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың өткен аптада қырғыз әріптесі С. Н. Жапаровтың Қазақстанға алғашқы ресми сапары шеңберінде екіжақты кездесу кезінде берген тапсырмасы бойынша, сауда-экономикалық келіссөздер жүргізу үшін үкіметтік делегацияның басшылығымен Бішкекке келдім. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өңірлік сауда мен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа бастамалар мен келешегін талқылау барысындамыз. Мен жаңа ғана Қырғызстанның вице-премьер-министрі – Экономика және қаржы министрі Ұлықбек Қармышақовпен келіссөздеден шықтым. Біздің елдеріміз тек бір-бірімен сауда жасап қана қоймай, өнеркәсіптік кооперацияда бірлескен жобаларды дамытуы қажет деген өзара түсіністік бар, - деп жазды ол.

Қазір Қазақстан да, Қырғызстан да ұлттық тауар өткізу жүйелерін құру барысында, екі елдің аграрлық қайта өңдеуін түйістіру және қосылған құны жоғары тауарлардың Үшінші елдерге экспортын жолға қою мүмкіндігі бар. Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде қырғыз Көтерме- тарату орталығы құрылысына инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда және қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорында жұмыс істеуге дайын.

Мен сондай-ақ біздің болашақ бірлескен Сауда-логистикалық орталығымызды интеграцияланған тауар өткізу жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастыруды ұсындым, бірақ бұл ретте оны өнеркәсіптік кооперация кәсіпорындары үшін база ретінде пайдалануды ұсындым: мұнда көкөніс-жемістерді, сүт пен дәнді дақылдарды қайта өңдеуді жолға қою. Біз "Қарасу – Ақ тілек" өту пункттері ауданында сауда-логистикалық орталығын салуды ұсынамыз және тиісті инфрақұрылымды ұсынуға және жер учаскесін бөлуге дайынбыз.

Біздің есептеулеріміз бойынша, Қырғызстаннан Ресей нарығына көкөністер мен сүт өнімдерінің ағыны бойынша тауар өткізу жүйесі шеңберіндегі ынтымақтастық қана біздің Бішкекпен жылына $50-100 млн.деңгейінде ынтымақтастығымыз бойынша әлеуетке ие: біздің Ұлттық тауар өткізу жүйесі интеграциялау арқылы біз бұрыннын болған проблемаларды және біздің тауарларымызды Ресей нарығына жеткізудегі іркілістерді жоя аламыз, - деді Сұлтанов.

Бұл тақырып сәуірдің басында Қордайдағы өткізу пунктінің ашылуында жоспарланған Қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің келесі отырысында талқыланатын мәселелердің бірі болады.

Біздің делегация қырғыз әріптестеріне жақын арада сауда кейстерін ұсынды. Қазақстан үшінші елдерден қырғыз импортын 190 тауар позициясы бойынша (машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі және басқа да салаларда) алмастыруға дайын. Тиісті тізімді Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі - экономика және қаржы министріне тапсырдым.

Мысалы, Бішкек мэриясына арнайы техника мен автобустар қажет, және біздің автоөнеркәсіп осындай тапсырысты орындай алады. Мен сондай-ақ Қырғыз Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттіліктері үшін (медициналық жабдықтарды орнату мүмкіндігімен) "Airbus" жеңіл тікұшақтарын жеткізуді талқылауды ұсындым, - деді министр.

Біздің елдеріміздің тарихи тығыз сауда байланыстары бар. Қазақстан-Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі. Бірақ біз сауда көлемін одан әрі арттыра аламыз.

Пандемия кезінде көлік проблемалары бүкіл әлем бойынша трансшекаралық және аймақтық сауданың артықшылықтарын растады. Сонымен қатар, біздің экономикамыздың мүмкіндіктері алыс елдерден келетін импортты көрші нарықтардың тауарларымен алмастыруға мүмкіндік береді.

Біздің делегация Мемлекет басшылары дайындауды тапсырған Өңіраралық ынтымақтастық форумының күн тәртібіне енгізуді ұсынды.

 Дүние жүзіндегі пандемиялық көлік проблемалары шекара маңы және өңірлік сауданың пайдасын тағы да растады. Сонымен қатар, біздің экономикаларымыздың мүмкіндіктері алыс елдерден импортты көрші нарықтардағы тауарлармен алмастыруға мүмкіндік береді.

Біздің делегация мемлекет басшылары тапсырмасы бойынша өңіраралық ынтымақтастық Форумының күн тәртібіне жоғарыда айтылған мәселені енгізуді ұсынды, - деді Сұлтанов.



Өзгелердің жаңалығы