Қазақстан құрамасының боксшылары АҚШ-қа келді

6 Қаңтар 2021, 16:15
2396
Бөлісу:
Қазақстан құрамасының боксшылары АҚШ-қа келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-қа келді.

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаттығу жиындары 30 қаңтарға дейін жалғасады. Мұхит асқандардың арасында құрама капитаны, екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов және Зәкір Сафиуллин мен Айболды Дәуренұлы бар.

Айта кетейік, бокстан ерлер құрамасы сапында Токиода Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев  (+91 келі) ел намысын қорғайды. 

Қыздардан әзірге 75 келі салмақтағы Надежда Рябецте жолдама бар.

Өзгелердің жаңалығы