Қазақстан қоржынына Паралимпиададан тағы бір медаль түсті

1 Қыркүйек 2021, 17:41
3574
Бөлісу:
Қазақстан қоржынына Паралимпиададан тағы бір медаль түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында брасс әдісімен жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қола алды.

Іріктеу сынында Нұрдәулет Жұмағали ерлер арасында S13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шыққан болатын. Ол 2 топтың нәтижесінде финалға 3 орынмен шықты.

Финалда спортшымыз 1:05.20 уақытымен үшінші болып мәреге жетті.

Қазақстан қоржынына Паралимпиададан тағы бір медаль түсті

Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан Олимпиаданың күміс медалін алды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және бір қола медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы