Қазақстан көпжақты сарабдал дипломатияны берік ұстанып келеді – Тоқаев

18 Қараша 2021, 15:19
1219
Бөлісу:
Қазақстан көпжақты сарабдал дипломатияны берік ұстанып келеді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Құрметті жиынға қатысушылар, елшілер, бұл басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Бұл межеге толағай табыспен жетіп отырмыз. Қазақстан аймақтық және жаһандық үдерістерге қатысатын беделді мемлекетке айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саясатымыздың негізін қалады. Тікелей басшылығымен кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапты. Әсіресе мемлекеттік шекарамыздың толық бекітілуі теңдессіз тарихи жетістік болды, - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар мемлекетіміздің қауіпсіздігін күшейтуге айрықша ықпал еткен шешімге айналды.

Каспий теңізінің құрлықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы да тағы бір айтулы жетістік. Оған қол жеткізу үшін 20 жыл бойы табанды жұмыс атқарылды. Келіссөздерге қатысқан қызметкерлердің еңбегін еліміз жоғары бағалайды. Мен оларды мемлекеттік наградалармен марапаттайтын болдым, - деді Президент.

Тоқаев атап өткендей, шегенделген шекара – Қазақстанның аймақтық-тұтастығының кепілі. Сондай-ақ стратегиялық серіктестеріміз – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен достық қатынасымыздың мызғымас негізі.

Қазақстан АҚШ-пен және Еуропа одағы елдерімен стратегиялық байланыс орнатты. Бұл мемлекеттер біздің инвестиция және сауда саласындағы әріптестеріміз. Біз көпжақты сарабдал дипломатияны берік ұстанып келеміз, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы