Қазақстан елшісі сенім грамотасын тапсырды

16 Қараша 2020, 21:55
1634
Бөлісу:
Қазақстан елшісі сенім грамотасын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Кипр Республикасындағы елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр СІМ-нің Мемлекеттік протокол басшысы Элпидофорос Економуға сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды.

Э.Економу отандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, оған екі ел халықтарының көпжақты байланыстарының дамуына және гүлденуіне бағышталған қызметіне табыс тіледі.

Елшінің аккредитациясынан кейін өткізілген Кипр Сыртқы істер министрлігінің Саяси және екіжақты департаменттерінің басшыларымен кездесулері барысында дипломаттар Қазақстан мен Кипр ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын және ЕҚЫҰ мен БҰҰ шеңберіндегі ықпалдастықты талқылады. Тараптар сауда және экономикалық қатынастардың үдемелі дамып жатқанын атап өтті. Кипрдің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасына инвестицияларының көлемі 180 млн АҚШ долларынан асып түсті.

Елші кипрлік әріптестеріне Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, еліміздегі коронавирус індетіне қарсы күрес шараларымен және оның экономикалық әсері туралы хабарлады.

С.Бұршақов Кипр тарапына жуырда Remedica ірі фрмацевтикалық компанияcының Қазақстанға коронавируспен күресу мақсатында дәрі-дәрмек түрінде жіберген гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді. Елшінің айтуынша, көрсетілген көмек Қазақстан мен Кипр арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың және пандемияға қарсы бағышталған халықаралық күш-жігер шеңберіндегі ынтымақтастықтың айғағы.

Өзгелердің жаңалығы