Қазақстан бойынша дауыс беру тоқтатылды

10 Қаңтар 2021, 21:39
1433
Бөлісу:
Қазақстан бойынша дауыс беру тоқтатылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, астана уақытымен сағат 20-00-де еліміздің 12 өңірінде, ал сағат 21-00-де 5 өңірде сайлау учаскелері жабылды. Осылайша, кезекті сайлау науқанына орай ашылған 12 өңірдегі 8 141, 5 өңірдегі 1 853 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. 

Сонымен қатар Қазақстанның 53 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылған 66 сайлау учаскесінің 10-ында сайлаушылар өз дауыстарын беріп болды. Қазіргі уақытта уақыт белдеуіне байланысты қалған елдерде дауыс беру жалғасып жатыр. 

11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де Америка Құрама Штаттары мен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайтын болады. 

Айта кетерлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 20-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,1 пайызы алды.

Өзгелердің жаңалығы