Қазақстан АҚШ-қа үлгі бола алады – америкалық заңгер

15 Қараша 2021, 14:05
1229
Бөлісу:
Қазақстан АҚШ-қа үлгі бола алады – америкалық заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы америкалық заңгер, жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф «Астана клубының» алтыншы отырысының кулуарында айтты.

Қазақстан көпұлтты және көп дінді елдердің қатарына жатады. Мұнда даулар жоқ. Сөйлейтін тілдер саны да көп. Алайда дау-дамай жоқ. Бұнда алуантүрлілікке арналған ұлттық мереке де бар. АҚШ та бұдан көп дүние үйрене алады. Қазақстан біз үшін үлгі бола алады. Қазір Қазақстанда заңнама саласы дамып жатыр. Бұл да бір маңызды сала болып есептеледі, - деді ол.

Джоннатан Гранофф Қазақстан ядролық қарудан бас тартқанын да еске салды.

Қазақстанда 1400 ядролық қару орны болды. Олар оның барлығынан бас тартты. Әлемде 65 мың ядролық орын бар, қазір олардың саны 14 мыңға тең. Яғни, айтарлықтай азайды. Оны да жетістікке жатқызуға болады. Бірақ біздің діттеген міндетіміз бар. Бұл үлгі өзге елдің көшбашсыларын ядролық қарудан бас тарту шешіміне алып келуі мүмкін. Біз ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы