«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы тарады

26 Тамыз 2019, 16:20
1796
Бөлісу:
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы тарады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы өздерінің тарайтынын мәлімдеді. Оған себеп Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы.

«Осы жұмыс форматын қайта қарау туралы бірнеше рет ұсыныс жасалды. Өзгерістің қажеттілігі туралы жиі айтылды. Осы пікірге сүйене отырып және Ұлттық сенім кеңесінің құрылуына байланысты Nur Otan партиясы демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының жұмысын аяқтау туралы ұсыныс жасады», - дейді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, коалиция төрағасы Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, жалпыұлттық коалиция 8 жылдың ішінде өзінің тарихи миссиясын орындап болған. 

«Біздің коалиция аясында бастаған кең ауқымды жұмысымыз президент жанындағы ұлттық сенім кеңесі алаңында жалғасады», - дейді Бауыржан Байбек.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойып, кеңес құрамын жариялаған болатын.

«Жақын күндері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді. Президент атап өткендей, азаматтарды билік пен қоғам арасындағы диалогтың дамуына алаңдаушылық білдіреді. Мұндай диалог пікірлердің плюрализмін тануға негізделуі керек. Әртүрлі пікірілер, бірақ біртұтас ұлт – басты нұсқау осы болу тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – бұл елдің маңызды саяси мәселелері бойынша диалогтың жаңа деңгейі деп ойлаймын», - деді партия төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы