«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

9 Желтоқсан 2021, 19:53
2601
Бөлісу:
«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгриялық режиссер Тамаш Тоттың «Өліара» фильмінің соңғы түсірілім Алматы облысы Кербұлақ ауданы Балғалы станциясының маңында өтті. 

Тарихи кинотуындыны  Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді. Фильмнің соңғы түсіріліміне еліміздің бір топ журналистері барып қайтты.

«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

Бүгін біз басты кейіпкердің Қазақстанға келген сәтін түсірдік. Бұл сахна фильмнің басында көрсетіледі. Сол үшін ескі паравоз бен вагондар «Қазақстан темір жолы» компаниясы арқасында осы жерге жеткізілді. Түсіру жұмыстарына күн сайын 50-ден астам адам (массовка) қатысты, - деді фильмнің продюсері Олжабай Мұсабеков

«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

Басында фильмді қыс мезгілінде түсіреміз деп жоспарлаған болатынбыз. Уақыттың тығыздығынан сценарийді сәл өзгертіп, қазан айында түсірілімді бастап кетуге мәжбүр болдық. Негізгі түсірілім Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылының маңында өтті. Тәжірибиелі және кәсіби командамыздың арқасында түсірілімді уақытылы аяқтадық, - деді режиссер Тамаш Тот.

«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

Сонымен қатар режиссер фильмнің актерлері туралы айтты. Басты рөлге Венгрияның театр және кино актері Петер Барнайды (Péter Bárnai) шақырағынан айтты. Сондай-ақ фильмге Алдабек Шалбаев, Ержан Нұрымбет сынды басқа да отандық актерлер түскенін айта кету керек.

«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

Фильмге түскен актерлеріміз өте мықты. Бұл жобаға талантты актерлер жиналды. Мысалы, Венгриядан жас актер Петер Барнайды арнайы шақырттық. Осы уақыт аралығында ол үлкен жұмыс атқарды. Бұл оған үлкен мектеп болды. Орыс және қазақ тілінде сөйлемесе де, диалогтарды жатқа айтып, түсірілім кезінде еш қиналмады. Қазақстандық актерлер оған үлкен көмек көрсетті, - деді режиссер.

«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

Сондай-ақ «Өліара» фильмінің түсіру тобы осы картинаның түсіріліміне қатысқан Nomad Stunts каскадерлер тобына алғысын білдірді.

«Қазақфильм» «Өліара» фильмінің түсірілімін аяқтады

Продюсердің айтуына қарағанда, барлығы 35 Тб. материал түсірілген екен. Фильмнің монтаждау жұмыстары Будапешт қаласындағы белгілі FOCUSFOX компаниясында жүргізіледі. Кейін «Қазақфильм» киностудиясында туындының орыс тіліндегі нұсқасы дайындалады.


Өзгелердің жаңалығы