«Қазақфильм» 30 млн теңге ұрлығына қатысты түсінік берді

26 Қаңтар 2021, 19:39
1643
Бөлісу:
«Қазақфильм» 30 млн теңге ұрлығына қатысты түсінік берді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақфильм» киностудиясы «Қасым хан» тарихи сериалын түсіруге бөлінген қаражаттан 30 миллионға жуық теңгенің жымқырылуы дерегіне қатысты түсініктеме берді.

Сериалдағы қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеу киностудияның бұрынғы басшылығына қатысты қозғалған. Продюсері Қуаныш Ахметов болып табылатын «Тарих толқынында: Мәңгілікке қол жеткізу. Қасым хан» тарихи сериалын түсіру 2018 жылы басталды. Алайда, түрік режиссері Метин Гунайдың жобаға қатысудан бас тартуына байланысты, 2020 жылы бұл жоба өзінің тұжырымдамасын өзгертті және «Ұлы дала таңы» жұмыс атауы бойынша толықметражды көркем фильмге айналды. Жаңадан құрылған түсірілім тобын режиссер Ақан Сатаев басқарды, - деп хабарлады «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі. 

Олар сериалдың басқа жобаға - толық метражды фильмге айналғанын нақтылады.

Бұған дейін Алматыда түсіріліп бітпеген сериал продюсері Ахметовке, оның қол астындағы қызметкеріне және кәсіпкерге сот үкімі шығарылғаны хабарланған болатын. Олардың пиротехникалық заттарды сатып алуға арналған 30 миллион теңгені ұрлағаны анықталды.


 

 

Өзгелердің жаңалығы