Қайтыс болғандар санының өсуі аурушаңдықтың белең алуына байланысты

7 Сәуір 2021, 20:12
1280
Бөлісу:
Қайтыс болғандар санының өсуі аурушаңдықтың белең алуына байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Бүгінгі таңда қайтыс болған адамдар санының өсуі аурушаңдықтың белең алуына, ауруханаға түсіп жатқан науқастардың артуына байланысты. Өткен аймен салыстырғанның өзінде ауруханаға түскен науқастардың саны 2,5 есеге артып отыр. Өткен айда 4 мыңға жуық адам ем алса, қазір 10,5 мың адам аруханаға түсті. Аурухана түскен адамдардың 600-ден астамы қатаң түрде жансақтау бөлімінде жатыр. Осы қатаң түрде немесе ауруды асқындырып алып, ауруханаға түскен адамдардың көбі үйінде өз бетінше емделген. Дәрігердің емес өзге адамдардың кеңесімен емделгендер де бар, - деді ол.

Оның сөзінше, осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде мобильдік бригадалар жұмыс істейді.

Учаскелік дәрігеріңізге хабарласып, мобильдік бригада шақырсаңыз дер кезінде дәрі-дәрмек әкеледі. Тест алып, үйде не ауруханада ем алуыңызды анықтайды. Сондықтан уақыт өткізіп алмауыңызды, өз бетінше емделмеуіңізді сұраймыз, - деді вице-министр.

Бұған дейін ол екпе жасалатын барлық емханада, екпе салатын кабинеттердің барлығында жан-жақты жағдай жасалғанын мәлімдеген еді. Ал ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова журналистердің «коронавируспен ауырғандар санының өсуі вакцинациямен байланысты ма» деген сауалына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы