Екпе: Емханаларда адам көп шоғырланбауы үшін жағдай жасалған ба?

7 Сәуір 2021, 17:29
1510
Бөлісу:
Екпе: Емханаларда адам көп шоғырланбауы үшін жағдай жасалған ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл сауалға бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді.

Бүгінгі таңда барлық емханада, екпе салатын кабинеттердің барлығында жағдай жасалған. Халықтың шектен тыс шоғырланбауы үшін күн сайын екпе жасатқысы келген азаматтар учаскелік дәрігерлер арқылы кезекпен шақырылып жатыр. Сонымен бірге қазір вакцинаның көп мөлшерде келуіне байланысты, күн жылынған соң емханалардың, сауда орындарының алдына уақытша екпе салу, күту орындарын жасақтаймыз. Қазір министрлік тарапынан осындай орындарға қатысты талап әзірленуде. Ол бұйрықпен бекітілетін болады, - деді ол.

Оның айтуынша, бастысы - вакцинаның «суық тізбегі» барынша мұқият сақталуы керек.

Ауылдық жерлерде екпе салу шаралары амбулаториялар, медициналық пункттер, аудандық емханалар және жылжымалы көліктер арқылы жүргізіледі. Күніге келетін халықтың санына байланысты кабинеттердің жүктемесі ескеріле отырып реттелетін болады, - деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін министр Алексей Цой Қазақстан бір аптадан бері «қызыл» аймақта тұрғанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы