"Қайраттың" чемпиондар лигасындағы ойын кестесі белгілі болды

2 Қараша 2019, 13:11
2068
Бөлісу:
"Қайраттың" чемпиондар лигасындағы ойын кестесі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Алматы қаласында өтетін УЕФА чемпиондар лигасының элиталық раундының ойындар кестесі белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсінде Алматының "Қайрат" клубы Португалияның "Бенфика", Испанияның "Эль-Посо", және Италияның "Пезаро" клубтарымен бір топқа түскен болатын.

Бұл топтың ойындары 19-24 қараша аралығында Алматы қаласында "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтеді.

Ойындар кестесі: 21 қараша
16:30 "Бенфика" (Португалия) - "Песаро" (Италия)
19:00 "Эль Посо" (Испания)  - "Қайрат" (Қазақстан)

22 қараша
16:30 "Эль Посо" (Испания) - "Бенфика" (Португалия)
19:00 "Қайрат" (Қазақстан) - "Песаро" (Италия)

24 қараша
15:30 "Песаро" (Италия) -  "Эль Посо" (Испания)
18:00 "Қайрат" (Қазақстан) - "Бенфика" (Португалия). 

Айта кетейік, Алматы бұған дейін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойындарын үш рет қабылдаған (2011, 2017, 2019) және бір рет элиталық раундтың ойындарын өткізген (2016). Соңғы рет УЕФА Чемпиондар лигасының финалында көрермен саны жөнінен рекорд жаңартқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы