Қайрат Нұртасқа қатысты тексеріс жүріп жатыр

31 Наурыз 2021, 18:47
2566
Бөлісу:
Қайрат Нұртасқа қатысты тексеріс жүріп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Карантин кезінде Семейге тойға барған әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев онлайн брифинг барысында карантин уақытында Семей қаласында өткен тойға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде өткен тойда болған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен қонақтардың видеолары жарияланған болатын. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған мейрамхана иесіне қатысты тиісті материалдар дайындалды, - деді Тұрдиев.

Аталған дерек бойынша Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тексеру жүргізуде.

Ал Қайрат Нұртасқа қатысты шектеу шараларын бұзу туралы материалдар оның тұрғылықты мекенжайы бойынша СЭБ басқармасына жолданған.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың карантин кезінде Алматыда жасырын өткен тойға қатысқаны туралы видео тараған болатын. Ол кезде әншіге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған.


Өзгелердің жаңалығы