Қай облыс тұрғындары АИТВ дертін көп жұқтырады?

27 Қараша 2021, 17:55
1024
Бөлісу:
Қай облыс тұрғындары АИТВ дертін көп жұқтырады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов хабарлады. Оның айтуынша, тұрғындар санына байланысты еліміздің барлық аймақтары АИТВ таралуының деңгейіне қарай 3 топқа бөлінеді.

Олар жоғары, орташа, төмен топ болып жіктеледі.

Нұр-Сұлтан қаласы 1 миллионнан астам халқы бар қала ретінде бірінші топта, себебі елордада аурушаңдық деңгейі жоғары. Тестілеу саясатының арқасында медициналық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің қатысуымен мақсатты бағытталған кешенді жұмыстың нәтижесінде қалада халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту көрсеткіші артты. Жыл басынан бері АИТВ-ға 276699 тест өткізілді, - деп атап өтті орталықтың бас дәрігері.
Сондай-ақ ол тестілеу көлемінің артуына бірнеше себеп бар деп отыр.
Оған карантиндік шектеулердің алынуы, емханаларда қабылдаудың қайта басталуы, стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызу, НҚА жаңа талаптарына сәйкес жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін міндетті тексеруді енгізу себеп болды. Сонымен қатар эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдер бойынша тексерулердің өсуін негізге алдық. Биыл 10 айда АИТВ-ға тестілеумен қамту көрсеткіші қала бойынша 23,1%-ға жетті. ДДСҰ ұсынымы бойынша АИТВ-инфекциясының таралуын бағалау үшін індеттің шоғырланған сатысында халықтың кемінде 10%-ын тексеру қажет, - деді Сәбит Әбдірайымов.
Тестілеу нәтижелері бойынша АИТВ-ны анықтау жақсарған. Алайда 2020 жылдың кезеңімен салыстырғанда биыл Нұр-Сұлтанда АИТВ 74 жағдайға өсіпті.
100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 23,4-ті құрады. Халықтың ә ртүрлі топтарын АИТВ-ға уақтылы тексеру нәтижесінде аурудың ерте 1-2 сатысында анықтау 83%-ды құрағанын атап өту қажет. Ол дегеніміз адам ағзасының иммундық жүйесі оппортунистік инфекциялармен және кейбір қатерлі ісіктермен күресу қабілетін күшейте алатындығын білдіреді. Бұл өз кезегінде өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізеді, - деп отыр маман.

Өзгелердің жаңалығы