Елімізде катамнез орталықтары құрылады

13 Қыркүйек 2019, 09:11
3005
Бөлісу:
Елімізде катамнез орталықтары құрылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов №2 қалалық көпбейінді аурухана базасындағы катамнез орталығы және оңалту бөліміне барды. Бұл туралы Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министр орталықтың жұмысымен танысып, медициналық мекеме мамандарымен көшпелі кеңес өткізді. Жиында дүниежүзілік тәжірибені қолдана отырып, мүгедектік пен бала өлімін азайту арқылы перинаталдық патологияға шалдыққан балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты болды. 

Ерте шара қолданылған жағдайда мүгедектік пен бала өлімін азаяды. Бұл шара ҚР 2019-2021 жылдары бала және сәби өлімін төмендету бойынша жедел іс-шаралар жоспарының аясында көрініс тапқан. Айта кету керек, №2 ауруханада катамнез бөлімшесі биыл ақпан айында бюджет негізінде ашылған. Әлемдік практикада перинаталдық патологияға шалдыққан балалар стационардан шыққаннан кейін жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балалардың өмір сүру сапасын қолдау мен арттыруға арналған мамандандырылған катамнез кабинеттерінде бақылауда болады. 

ec9d3f4c-3257-43c8-90aa-e0576cf024ed.jpg

Бүгінде бөлімше мамандары шала туған шақалақтарды күтумен ғана емес, сонымен қатар болашақта сәбилердің денсаулығының одан әрі нашарлауына  жол мермеуге көмектеседі.

"Катамнез орталығы" ЖШС директоры, жоғары білікті санатты неонатолог-дәрігер Балжан Тәтібекованың  мәлімдеуінше,  қазір бөлімшеде жаңа туған балаларды проспективті және ретроспективті бақылауда ұстайды. Орталық ҚР 2019-2021 жылдары бала және сәби өлімін төмендету бойынша жедел іс-шаралар жоспарының аясында балаларды оңалту және реанимациялық қызметтің   тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.

b0295acb-1647-423f-8ea6-a4c175b38541.jpg

Ведомство басшысы Қазақстанда катамнестикалық қызметті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Біртановтың айтуынша, осындай орталықтар атқаратын функциялардың маңыздылығын ескере отырып, оларды барлық жерде ашу қажет. Министр осы мәселені шешуді тапсырды. 

"Мұндай орталықтарды  қай өңірлерде құруға болатынын анықтауымыз керек, сарапшылардың пікірінше, олар балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықтарда орналасқаны дұрыс. МСАК-пен тығыз байланыста жұмыс істеп және ақпараттық жүйемен интеграциялануы қажет. Сонымен қатар, мамандар жұмыс істеуі үшін хаттама мен стандарттар болуы тиіс", - деді министр. 

Бұған қоса қажетті НҚА дайындау, орталықтарды медициналық жабдықтармен және медициналық кадрлармен қамтамасыз ету қажет екенін
ескерді. Мұндай орталықтар бюджет есебінен қаржыландыратын болады.

"ММС қорында қажетті ақша бар, балалар сақтандырылады  және медициналық қызмет тегін болады. Бірақ, министрлік жеке меншік катамнез орталықтарын да қолдайды", - деді Біртанов.

Кеңесте ведомство басшысы жақында Денсаулық сақтау министрлігі жанынан әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жаңа басқарма ашу жоспарлануда екенін, ол мүгедектерді оңалтумен тікелей айналысатын болатынын айтты.



Өзгелердің жаңалығы