"Қазақфильм" кастинг жариялады

24 Қаңтар 2019, 17:52
7060
Бөлісу:
"Қазақфильм" кастинг жариялады

Алматы, BAQ.KZ. «Қазақфильм» киностудиясы «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жариялады. Аталған кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. 

Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды. 

Жобаның көркемдік жетекшісі – «Жаужүрек Ертұрғыл» сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай. 

Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады (ер азаматтардың бойы 180 см-ден кем болмауы тиіс). 

Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. 

Кастинг Қазақстан бойынша өтеді. 

Алматы қаласында кастинг жұмыстары 25 қаңтардан басталады.   

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, 2-ші қабат, 252 кабинет.

Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін.   

Сондай-ақ, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдау мүмкіндігі бар: жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз,  бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ тұла бойы көрінетін бір сурет  және өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі және кинодағы тәжірибие туралы). 

Өзгелердің жаңалығы