Каспийдегі кемелерді қашанғы шетелдіктер басқарады?

27 Мамыр 2022, 12:01
2203
Бөлісу:
Каспийдегі кемелерді қашанғы шетелдіктер басқарады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау өңірінде сайлаушылармен кездесу барысында, Каспий теңізіндегі сауда флотында қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша мәселе көтерілді. 

Каспий теңізінің жағасында орналасқандығына қарамастан, ұзақ уақыт бойы Қазақстанның өз флоты болмады. Соңғы 20 жыл ішінде, Қазақстан Каспийде өзінің флотын құрып, көлік нарығында тәуелсіз ойыншы болуға ұмтылуда. Бүгінгі күнге Теңіз кемелері тізілімінде 300-ге жуық кемелер бар, яғни, баржалар, буксирлер, мұзжарғыштар, авариялық-құтқару кемелері. 

Оның ішінде 171 кеме Қазақстан иелігінде, Қазақстан туының астында жүзуге уақытша рұқсат алған 101 шетелдік кемені отандық заңды тұлғалар жалға алған. 

Танкерлік флотта 8 танкер, соның ішінде 100 мың тоннадан артық тасымалдаушы 2 кеме бар. 2002 жылғы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» заңның 25-бабына сәйкес, Мемлекеттік туды көтеріп жүретін кеме экипажының құрамына шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға кіруге мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, шетелдіктерге кеме капитаны, капитанның аға көмекшісі (старпом) және аға механик қызметін атқаруына шек қойылды, - деді «Ақ жол» депутаты Серік Ерубаев.

Бірақ, бұл заңның күші, Ішкі істер, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің 2006 жылғы бірлескен бұйрықтарымен тоқтатылып, шетелдік азаматтарға капитан болу құқығы берілген. 

2010 жылы ғана аталған 25-баптың қолданысқа ену мерзіміне 2025 жылға дейін заң деңгейінде мораторий жарияланды! 2 25.05.2022 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) Тағы бір атап өтетін жәйт – 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту концепциясы қабылданған болатын. Осы концепцияда, сауда теңіз флотына басқарушы құрам және кеме капитандарының, механиктерінің және тағы да басқа жоғары білікті кадрлардың қажет екендігі, олардың білімдерін жетілдіру және тәжрибемен алмасу үшін көшбасшы порттар мен арнайы оқу орындарына жіберу, сондайақ білім беру жүйесінде тиісті факультеттерді ашу арқылы теңіз флотының білікті мамандарын даярлау қажеттілігі баяндалып өткен болатын, - деді ол.

Бірақ депутаттың айтуынша, 20 жыл өтсе де концепцияның мақсаттары орындалмай келеді екен.

Алайда, 20 жыл уақыт өте келе Үкіметтің ресми құжатымен бекітілген концепцияның мақсаттары орындалмай келеді. Бүгінгі күні Қазақстан теңіз флотына мамандар әзірлейтін, халықаралық аккредитациясы бар, тек бір ғана оқу орны бар – ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің теңіз академиясы (ҚБТУ). Бірақ, кездесу барысында сайлаушылардың айтуынша, диплом алғаннан кейін, ол дипломға қосымша сертификат алу үшін, 1 млн. теңгеге жуық шығыны қажет екен. Салыстыра келсек, осындай сертификат Астрахан қаласында біздің ақшаға шаққанда 90 мыңдай теңге тұрады. Қазіргі таңда, кемелердегі басқарушы құрамда қазақстандық азаматтардың үлесі тым аз. Капитан бола алатын 78 қазақстандық азамат, 54 старпом, 77 вахталық көмекші бар екен. Осы азаматтардың қаншасы мамандығы бойынша қызмет ететіндігі, беймәлім. Бұл кадрлар 300 кеменің көп болса алтыдан бір пайызын ұлттық басқарушы кадрлармен қамтуға жетеді, - деді ол депутаттық сауалында.

Ол өз кемелеріміздің тізгінін шетелдік капитандарға қашанға ұстата береміз деп күйінді.

Елімізде теңіз мамандарының тапшылығы – мемлекет тарапынан кеме иелерін жергілікті кадрларды дайындауға ынталандыру шарасы жоқтығынан туындап отыр. Өзіміз сияқты Теңізге қарап өсіп, капитан болсам деген қазақтың қара балаларының арманын орындауға қашан жол ашамыз? Әлде, өз кемелеріміздің тізгінін шетелдік капитандарға әрі қарай ұстата береміз бе?, - деді ол.

Ол осыған байланысты  Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға партия атынан бірнеше ұсыныс тастады. 

1. Қазақстанның оқу орындарында жеткілікті мамандар дайындау үшін тиісті факультеттер ашуды;

2. Теңіз сауда флотына, ұлттық кадрларды даярлау және олардың дипломдарын сертификациялау жұмысын елімізде жүйеге қоюды; 

3. Осы салада қазіргі кезде дайын кадрлар бойынша сараптама жүргізіп, оларды мамандығына (квалификациясына) сай жұмыспен қамтуды; 

4. Сонымен қатар, мораторий аяқталған уақытқа дейін, қазақстандық кемелерді ұлттық мамандармен қамтамасыз ету жұмысын үдетуді сұраймыз

Өзгелердің жаңалығы