Каспий теңізіндегі Құлалы аралында 37 итбалықтың өлексесі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жағалау аймағын тексеру жұмыстары ерікті әрі экоактивист Данияр Әкімжановтың бастамасымен жүргізілген.
Зерттеу жұмысына уәкілетті органдардың өкілдері мен гидробиология және экология институтының мамандары қатысқан. Қатысушылар аралдың бірнеше шақырымға созылған жағалау белдеуін бірнеше сағат бойы жаяу аралап шыққан. Қаза тапқан жеті итбалықтан кейінгі зерттеулер үшін сынамалар алынған.
Мониторинг жүргізу үшін екі шағын кеме мен Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзетінің жылдам катері тартылған.
Бұл өңірдегі алғашқы жағдай емес. Өткен аптада Баутин косасы мен Форт-Шевченко маңында жүргізілген мониторинг барысында 191 жануардың өлексесі табылған еді.