Каспий теңізінің жағалауында 5 адам құтқарылды

30 Маусым 2023, 16:02
600
Бөлісу:
Каспий теңізінің жағалауында 5 адам құтқарылды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Каспий теңізінің жағалауында құтқарушылар 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 маусымда Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті құтқарды.

Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылған. Медициналық көмек қажет болмады.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы