Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

22 Сәуір 2023, 19:20
1002
Бөлісу:
Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
Фото: 123ru.net

Каспий теңізінде магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылым мәліметінше, 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде су астындағы жер сілкінісі тіркелген.

Дүмпулер 56 шақырым тереңдікте болды.

Өзгелердің жаңалығы