Каспий мен Жайық мәселесі жан-жақты қарастырылады - Сүлейменова

11 Қаңтар 2023, 12:59
973
Бөлісу:
Каспий мен Жайық мәселесі жан-жақты қарастырылады - Сүлейменова
Фото: автордан

Каспий теңізінің тартылуына не себеп? Бұл сұраққа Үкімет отырысынан соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Каспий теңізінің факторлары кешенді деп айтуға болады. Оның бірінші себебі - климаттың өзгеруі. Өйткені климаттың өзгеруі  - гидрологиялық және метеорологиялық тығыз ықпал етеді, - деді ол тілшіге берген жауабында.

Каспий теңізі мен Жайық мәселесіне кешенді түрде қарауымыз қажет.

Екінші жағынан, біздің Жайықтың сулары басқа көршілес елдерден келеді. Қазіргі таңда оның ағысы реттелген деп есептеледі. Бұл мәселеге байланысты Ресей Федерациясымен шекаралық келіссөздер өткізу өте маңызды. Сонымен бірге осыған қатысты  екі комиссия құрылды. Біршісі - Жайық өзенінің эконжүйесін сақтау бойынша келіссөз жүргізсе, екіншісі Ресеймен судың көлемін бөлу мәселесін қарастырады, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы