2022 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 718,3 мың адам қатысты. 435,2 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 346,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 13,9 мың адам жіберілді.
Өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,7 мың, жастар практикасымен 28,8 мың, қоғамдық жұмыстармен 121,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,9 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 551 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 3,1 мың адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 146,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Оқи отырыңыз: