Кәсіпкерлер қай өңірлерде мәселелерін бейресми жолмен шешеді?

13 Қаңтар 2021, 11:21
1231
Бөлісу:
Кәсіпкерлер қай өңірлерде мәселелерін бейресми жолмен шешеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да 2020 жылдағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг жұмысы туралы өткен брифингте айтты.

Кәсіпкерлердің пікірлері бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында бейресми жолмен шешуге тура келген, - деді ол. 

Ольга Шиян респонденттер жағдайлардың жартысында мәселені бейресми шешудің бастамашылары мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ал әр төртіншіде - делдалдар екенін атап өтті. 

Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі 6%-ға өсті, мұны респонденттер карантин кезінде мемлекеттік мекемелердің жеткіліксіз ақпарат беруімен байланыстырды, - деп атап өтті Шиян.

Сондай-ақ ол сауалнамаға қатысқандардың үштен екісі, егер қандай да бір мекеменің қызметкері пара алғысы келсе, онда ол әуре-сарсаңға салып, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланатынын атап өтті.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлық қандай мемлекеттік органдарда жиі кездесетінін және халық параны қандай қызметтерді алу үшін беретінін хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар халық арасында Президентке деген сенім деңгейі 9 пайызға артқаны да хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы