Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

3 Желтоқсан 2020, 23:04
1252
Бөлісу:
Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердегі жаңа оқу жылы  «Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі!» ұранымен өтеді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші басшылары өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық жаңа оқу кезеңінің алғашқы сабағы болды.

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Барлық санаттағы әскери қызметшілерге армияның өткен жылдық  қорытындылары мен жетістіктері жеткізілді, сондай-ақ жаңа оқу жылына міндеттер қойылды. Олардың арасында әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау, жауынгерлік даярлық пен жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру, бітімгершілік қызметті қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту және басқа да бірқатар әлеуметтік аспектілер бойынша мәселелер бар.

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Апта бойы барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде өткізілетін тактикалық-арнайы сабақтар ақпараттандыру жүйесінің сапасын, штабтардың үйлесімді жұмысын тексеруге, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіруге бағытталады.

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы Күштердің басшылығы оқу жылының басталуында барлық мәселелерді толық пысықтау қажеттігі туралы нұсқаулар берді. Пандемиямен және карантиндік іс-шаралармен байланысты шектеулер жағдайында бөлімшелердің қызметіне баса назар аудару керек.

Өзгелердің жаңалығы