Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды

9 Қараша 2022, 12:15
1547
Бөлісу:
Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды

Бұл туралы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірәшит Жүкенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сондай-ақ ол Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды деп отыр.

Жоқ, жүгіне алмайды. Алқа билер сотының қарауына жатпайтын белгілі істер бар. Бұл заңмен реттелуі тиіс. Біз заң бойынша жұмыс істейміз. Егер заңға өзгерістер енгізілсе, оған қандай да бір негіз болады. Кез келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздік қорғанысы бар және мемлекет кейбір ақпаратты құпияда ұстауға құқылы. Қазір бұл құпия іс және құпия болып қала береді, - деп атап өтті сот алқасының төрағасы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.

Айтуынша, бұл іс бойынша (Мәсімов ісі – ред.) ақпарат беріледі.  

Мен сіздер қандай да бір ақпаратқа қол жеткізесіздер деп ойлаймын. Өйткені мемлекет оның қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс, - деді Әбдірәшит Жүкенов.  

Еске сала кетейік, бұған Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі зерттеу нәтижесі бойынша тексеру органының айыптау актісін бекіткен болатын. Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберілді.   

Өзгелердің жаңалығы