Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28 Маусым 2021, 15:24
2412
Бөлісу:
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай журналистермен кездесті.

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Алғыс хаттарын тапсырып, институт басшысы тығыз ынтымақтастық және олардың жемісті еңбегі үшін өз алғысын білдірді.

Журналистика – өте қызықты да жауапты мамандық. Күнделікті еңбектеріңізбен сіздер халыққа еліміздегі, сонымен қатар бүкіл дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтар туралы ақпарат бересіздер, қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар. Сіздер және сіздердің әріптестеріңіз еліміздің жас баласынан қарттарына дейін күнделікті өмірде қажет ететін денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтересіздер. Сіздердің тікелей қатысуларыңызбен денсаулық сақтау саласына қатысты барлық жаңалықтар шұғыл түрде халыққа жария етіліп жатады, - деді Роза Тохтанәліқызы.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Басқарма төрағасы қазақстандық барлық БАҚ өкілдеріне осындай мереке күні іске адалдығы мен аянбай қызмет еткендері үшін алғыс білдіріп, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

Кездесуде «Медицинадағы инновациялар» журналының бас редакторы Ерлан Тастанбеков, «Алматы» ТА ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар департаментінің директоры Айгерим Ағылтаева, блогер Думан Қапасов, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Айнаш Есали, «Baq kz» ақпараттық агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі Әділет Мұсахаев, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Алма Мұқанова, «СТВ» ТА корреспонденті Максим Григорьев, «Жас қазақ» АА тілшісі Мақпал Ноғайбаева және т.б. болды.

Өзгелердің жаңалығы