Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығындағы экспорт көлемінің өсімі 2,4 пайыз

30 Қараша 2021, 11:25
916
Бөлісу:
Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығындағы экспорт көлемінің өсімі 2,4 пайыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 айда экспорт 950,5 млн долларға жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Экспорт көлемінің өсімі 2,4%-ды құрады. Сүт өнімдері бойынша 2%-ға, макарон өнімдері бойынша 37,4%-ға, күнбағыс майы бойынша 11,7%-ға ұлғаю байқалады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім экспортының үлесі 37%-ды құрайды. Бұл деңгейді біз өндіріс көлемін ұлғайту және экспорт үшін кедергілерді жою есебінен 70%-ға дейін екі еселеуге тиіспіз, -деді министр.

Оның мәлімдеуінше, экспорттың негізгі бағыттары – бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Тәжікстан), Ауғанстанның, сондай-ақ Еуропа елдерінің (Германия, Италия) дәстүрлі өткізу нарықтары.

Ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына инвестициялар тартуды ынталандыру үшін шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидиялар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің лизингі мен кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелері, өңдеуші кәсіпорындардың шикізат сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары сақталды, -деді Е.Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы